20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/399

248 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларын бекіту туралы «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ___________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы « » _______ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметімен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды. 2. Бухгалтерлiк есепті (бұдан әрi – есеп) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агент жүзеге асырады. Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агенттiң негiзгi қызметi – мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану жөнiндегi қызмет; 2) агенттiң негiзгi емес қызметi – агенттің мемлекеттiк астық ресурстарын басқарумен байланысты заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызметi; 3) мемлекеттiк астық ресурстарын (бұдан әрі – мемлекеттік ресурстар) басқару – агенттің шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған құзырет шегінде мемлекеттік ресурстарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы. 3. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiң операцияларының есебiн жүргiзу агенттің өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi жөніндегі операциялардан бөлек жүзеге асырылады. 4. Жылдық қаржылық есептілік үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл есептік кезең болып табылады. Уәкiлеттi органға жылдық қаржылық есептілікке қосымша тоқсандық есептілік ұсынылады. 2. Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң тәртібі Параграф 1. Кiрiстердiң есебi 5. Негiзгi және негiзгi емес қызметтерден алынған кiрiстер мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялардан алынған жиынтық кiрiстi құрайды. 6. Агенттiң негiзгi қызметiнен алынатын кiрiстерге: 1) ресурстар түрлері бөлінісінде мемлекеттік ресурстарды пайдаланумен (өткізумен) байланысты кірістер; 2) сатылған өнімнің қайтарылуы; 3) бағаның және сатылымдардың жеңілдіктері жатады. 7. Агенттің негізгі емес қызметiнен алынатын кiрiстерге: 1) берiлген тауарлық несиелер бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер; 2) жедел салымдар мен ағымдағы және корреспонденттік шоттар бойынша сыйақылар жөніндегі кірістер; 3) алынған қарыздар бойынша сыйлықақылар амортизациясы жөніндегі кірістер; 4) мемлекеттік субсидиялардан түсетін кірістер; 5) бағамдық айырмадан түсетін кірістер; 6) өзге де кірістер жатады. Параграф 2. Шығыстардың есебi 8. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар бойынша шығыстар мыналардан тұрады: 1) өткізілген өнімнің өзiндiк құны; 2) өнімді өткізу және қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар; 3) сақтауға арналған шығыстар; 4) алынған қарыздар бойынша дисконт амортизациясы жөніндегі шығыстар; 5) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар; 6) гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шығыстар; 7) корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар; 8) дүлей зiлзалалар кезiнде шеккен шығыстар; 9) комиссиялық сыйақы жөніндегі шығыстар; 10) өзге де шығыстар. Параграф 3. Қорлардың есебi 9. Қорлар мыналардан тұрады: 1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi; 2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары; 3) мемлекеттiк тұқым ресурстары; 4) мемлекеттiк өткізілетін астық ресурстары; 5) мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары. 10. Қорлардың құнын бағалау агенттің есеп саясатында айқындалған әдіспен жүргізіледі. Параграф 4. Ақшалай қаражаттардың және олардың баламаларының есебі 11. Мемлекеттік ресурстармен байланысты ақшалай қаражаттар агенттің екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдағы банктік шоттарында есепке алынады. 12. Депозиттік шоттарда орналастырылған ақшалай қаражаттар қаржылық инвестиция­лар ретінде есепке алынады және мемлекеттік астық ресурстарымен байланысты опера­циялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептілікте көрсетілмейді. 13. Агент екінші деңгейлі банктермен агенттің ағымдағы банктік шоттарындағы ақшалай қаражаттардың қалдығына сыйақы есептеуге арналған шарттар жасайды. Депозиттік және ағымдағы шоттарға есептелген сыйақы түрінде алынған ақшалай қаражаттар мемлекеттік астық ресурстарымен жасалатын операциялармен байланысты сақтау, салықтарды және/немесе өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі берешекті жабуға бағытталуы мүмкін. Параграф 5. Дебиторлық берешектiң есебi 14. Дебиторлық берешек: 1) өткізілген мемлекеттiк ресурстар бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек; 2) тауарлық несиелер бойынша дебиторлық берешек; 3) салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер; 4) берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар; 5) алуға жататын қысқа мерзімді сыйақылар; 6) өзге де дебиторлық берешек болып бөлінеді. Параграф 6. Мiндеттемелердiң есебi 15. Агенттiң мiндеттемелерi: 1) сатып алынған мемлекеттік ресурстар бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек; 2) мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек; 3) мемлекеттік ресурстарды жеткізуге алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аванстар; 4) мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алуға алынған қаражат бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер; 5) агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметі алдындағы мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызмет міндеттемелері; 6) қосылған құн салығы бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер; 7) корпоративтік табыс салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша шегерілген салықтық міндеттемелер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер; 8) өзге де кредиторлық берешек болып бөлінеді. Параграф 7. Қорытынды кiрiс (залал) 16. Есептік кезеңнің соңында кірістер мен шығыстар «Қорытынды пайда (Қорытынды залал)» шотында жинақталады, онда түпкілікті қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытылады. 17. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөніндегі есептiлiкке мыналар кіреді: осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп, мемлекеттiк астық ресурстары жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп, мемлекеттік астық ресурстарының қозғалысы туралы есеп. 18. Мемлекеттiк ресурстармен жасалатын операциялар жөнiндегi есептiлiкті агент уәкiлеттi органға әр тоқсанның қорытындысы бойынша есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 30-ына дейiнгi мерзiмде, сондай-ақ есептi жылдың қорытындысы бойынша есептiк жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуіріне дейiнгі мерзімде ұсынады. Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларына 1-қосымша Нысан 20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарымен байланысты операциялар бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп (мың теңге) Көрсеткiштердiң атауы Жолдың № Сомасы Кезең басындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы 100 сатып алу бойынша 110 орнын ауыстыру бойынша 120 сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеу бойынша 130 өзгелері бойынша 140 Ақшалай қаржаттардың түсiмi, оның iшiнде 200 сатып алуға арналған 210 орнын ауыстыруға арналған 220 сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған 230 өзгелері 240 Ақшалай қаражаттардың шығуы, оның iшiнде 300 сатып алуға арналған 310 орнын ауыстыруға арналған 320 сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған 330 өзгелері 340 Кезең соңындағы ақшалай қаражаттардың қалдығы 400 сатып алуға арналған 410 орнын ауыстыруға арналған 420 сақтау жөнiндегi шығыстарды төлеуге арналған 430 өзгелері 440 Басшы _____________________ Бас бухгалтер _____________________ Мөр орны (бар болған жағдайда) «____»____________20___жыл Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларына 2-қосымша Нысан 20 ___ жылғы ___________ үшін мемлекеттік астық ресурстары жөніндегі қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп (мың теңге) Көрсеткіштің атауы Жолдың № Сомасы Кіріс, оның ішінде 010 мемлекеттік жемдік астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс 011 мемлекеттік тұқым ресурстарын өткізуден түскен кіріс 012 мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс 013 мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын өткізуден түскен кіріс 014 Өткізілген мемлекеттік ресурстардың өзіндік құны, оның ішінде 020 өткізілген мемлекеттік жемдік астық ресурстарының өзіндік құны 021 өткізілген мемлекеттік тұқым ресурстарының өзіндік құны 022 өткізілген мемлекеттік өткізілетін астық ресурстарының өзіндік құны 023 өткізілген мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының өзіндік құны 024 Жалпы пайда (010 жол-020 жол) 030 Өткізу бойынша шығыстар, оның ішінде: 040 мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша шығыстар 041 тасымалдау бойынша шығыстар және мемлекеттік ресурстарды өткізумен байланысты басқа да шығыстар 042 Өзге шығыстар 050 Өзге кірістер 060 Операциялық пайданың (залалдың) жиыны ( +/-030 жолдан 060 жолға дейін) 070 Қаржыландыру бойынша кірістер 080 Қаржыландыру бойынша шығыстар 090 Өзге операциялық емес кірістер 100 Өзге операциялық емес шығыстар 110 Кезең үшін пайда (залал) (070 жол+080жол-090 жол+100 жол-110 жол) 120 Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 130 Кезең үшін қорытынды пайда (залал) (120 жол-130 жол) 140 Басшы _____________________ Бас бухгалтер _____________________ Мөр орны (бар болған жағдайда) «____»____________20___жыл Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржылық-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары 3-қосымша Нысан 20 __ жылғы ________ үшін мемлекеттік астық ресурстарының қозғалысы туралы есеп мың теңге Мемлекеттік ресурстардың түрлері Кезеңнің басындағы мемлекеттік ресурстардың қалдығы Кіріс Мемлекеттік ресурстарға сатып алынғаны Тауарлық несиелердің қайта-рылғаны Өзгелері Барлығы: көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві Мемлекеттік жемдік астық ресурстары Мемлекеттік тұқым ресурстары Мемлекеттік өткізілетін астық ресурстары Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары Барлығы: кестенің жалғасы Шығарылғаны Кезеңнің соңын-дағы мемлекет-тік ресурстардың қалдығы Мемлекеттік астық ре-сурстарының өткізілгені Тауарлық не-сиеге берілгені Өзгелері Барлығы: сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге көлемі, мың тонна сомасы, мың теңге Басшы ____________________ Бас бухгалтер________________ Мөр орны (бар болған жағдайда) «____»____________20___жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11433 болып енгізілді.